Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері экологиялық бастамаларға белсене қатысуды жалғастыруда

«Жасыл ел» бағдарламасы және «Таза Қазақстан» акциясын қолдау аясында олар сенбілік ұйымдастырып, өзен арналары мен қаланың шет аймақтарын қоқыстан тазалады.

Экологиялық акцияның мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және еліміздің экологиялық болашағына деген жауапкершілікті тәрбиелеу. Студенттер тазалық жұмыстарына үлкен ынтамен қатысып, туған жердің тазалығы мен сұлулығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жастардың экологиялық сана мен азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған осындай бастамаларға қатысуын қолдап, ынталандырады.

Альбомдарға оралу