Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Испанияда академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқуын тамамдады
2 ақпан 2025
2025 жылғы 2 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Erasmus+ бағдарламасы бойынша серіктес жоғары оқу орны — Виго жоғары музыкалық консерваториясында білім алып, Алматыға оралды.
Виго жоғары музыкалық консерваториясында білім алып келген студенттер Нұркен Ақбергенов (виолончель), Лейла Амангелді (скрипка) және Мадина Асқат жоғары оқу орнының білім беру сапасы мен оқу үдерісінің ұйымдастырылуын жоғары бағалап, оқудан алған әсерлерімен, ой-пікірлерімен бөлісті. 2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін олар Виго және Луго (Испания) қалаларында, Виана-ду-Каштелу (Португалия) қаласында симфониялық оркестрлердің концерттік бағдарламаларына, серіктес-жоғары оқу орнының түрлі байқауларына және басқа да шығармашылық іс-шараларына қатысып үлгерген.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Виго жоғары музыкалық консерваториясының басшылығына, әкімшілігіне және оқытушыларына студенттерімізді оқыту бағытында құрылған ұзақ мерзімді қарым-қатынас үшін, кәсібилігі мен ұйымдастыру процестерінің нәтижелі болуына байланысты шексіз алғысын білдіреді.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024