Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық акциясы аясында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар үйі) болып қайтты

2025 жылдың 25 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық акциясы аясында «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар үйі) болып қайтты.

Бұл күні Орталықта көктемнің, жаңарудың және ізгі бастамалардың нышаны – Наурыз мерекесі де аталып өтті. Осы мерекеге орай студенттер орталық тұрғындарына арнап концерттік бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада қазақ халық музыкасы, классикалық шығармалар және терең сезім мен шынайылыққа толы танымал әуендер орындалды.

Концерттің әсерлі атмосферасы, көрермендердің шынайы ықыласы мен қошеметі — орындаушылар үшін ең үлкен марапат болды. Іс-шара музыка ұрпақтарды біріктіріп, жүрекке жылу сыйлатынын тағы бір дәлелдеді.

WhatsApp Image 2025-04-25 at 12.53.32.jpeg
Альбомдарға оралу