Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері “Салауатты ұрпақ” марафонына қатысты
“Жасыл ел” бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, “Салауатты ұрпақ” марафонына қатысты
Іс-шара аясында олар Алматы маңындағы көрікті таулы аймақтарындағы табиғаттың сұлулығына тамсанып, командалық рухты нығайтты. Сонымен қатар, марафонға қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару мақсатында өткізілген экологиялық акцияға атсалысты
Бұдан бөлек, студенттер түрлі қозғалмалы ойын бойынша ұйымдастырылған жарыстарға қатысып, спорттық рухтарын, ептілік пен команда бірлігін көрсетті. Мұндай іс-шараларға қатысу жастардың тек дене қабілетін дамытып қана қоймай, экологиялық жауапкершілігін арттырып, белсенді өмірлік ұстанымын танытуына септігін тигізетіні сөзсіз.