Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Өзбекстан мемлекеттік консерваториясында оқитын болады


2025 жылғы 03 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер факультетінің музыкатану және композиция кафедрасының үшінші курс студенттері Артемий Пестов (композиция) және Мейірпаш Наурызбаева (музыкатану) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқу үшін Өзбекстан мемлекеттік консерваториясына (Ташкент, Өзбекстан) келді.

Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы – Орталық және Орта Азиядағы ең көне жоғары оқу орны, Өзбекстан Республикасының жетекші музыка білім ордасы болып табылады. Мұнда бүкіл аймақ үшін музыкалық мекемелерге жоғары білікті мамандар даярланады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы алғаш рет Өзбекстан мемлекеттік консерваториясымен сыртқы шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруда.

Студенттердің оқу кезеңі 2025 жылдың 4 қыркүйегінен 20 желтоқсанына дейін жалғасады. Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының қызметкерлері: композиция және аспаптау кафедрасының концертмейстері Турсынбоев Бехзодбек, дарынды студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру секторының меңгерушісі, халықаралық бөлімнің әдіскері Гаибова Хабиба және өнертану кандидаты, музыка тарихы мен сын кафедрасының доценті Мамаджанова Эльнора студенттерімізді әуежайда ерекше ықыласпен қарсы алып, жатақханаға дейін алып барды.

Біз өз студенттерімізді мақтан тұтамыз және бұл сапар оларға кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен бірге мәдени тұрғыда да үлкен серпіліс әкелетініне сенімдіміз. Музыка әлемінде жаңа жетістіктерге жету жолында табыс тілейміз! Консерватория Өзбекстан мемлекеттік консерваториясына сенім, ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асырғаны үшін алғыс білдіреді.

 

 

Альбомдарға оралу