Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының, «Вокалдық өнер» кафедрасында 14-18 сәуір күндері аралығында, Каз.ССР халық әртісі Байғали Досымжановтың 105-жылдығына арналған ХVІІ Республикалық Жоғары оқу орындары арасында, студенттік олимпиада өтті.
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының, «Вокалдық өнер» кафедрасында 14-18 сәуір күндері аралығында, Каз.ССР халық әртісі Байғали Досымжановтың 105-жылдығына арналған ХVІІ Республикалық Жоғары оқу орындары арасында, студенттік олимпиада өтті. Олимпиада 2 бағыт бойынша болды: «Концерттік-камералық» және «Опералық ән». Әділ қазылар алқасының төрайымы болып Құрманғазы атындағы ҚҰК құрметті профессоры Темирханова Нават Махсутовна, және ҚР халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі, «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті Баспакова Жәмиля Төлегенқызы болды.
Әділ қазылар құрамы:
1.Жусупова Баян Уалиқызы – ҚР мәдениет қайраткері, К.Байсейітова атындағы ҚҰӨУ «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті
2.Букенов Болат Салтайұлы – ҚР республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы
3.Нуралиев Халид Абдурахманұлы – мәдениет саласының уздігі, «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушысы
Олимпиядаға жалпы 36 студент қатысты. Оның ішінде 9 студент концерттік-камералық, 27 студент опералық ән бағыты бойынша.
Лауреат атанғандар:
«Концерттік-камералық ән»
2-орын: Сагингалиев Байқожа
М. Өтемісов атындағы БҚУ 3 курс
3-орын: Қожабергенова Алтынай
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 3-курс
3-орын: Дидарұлы Дінмұхаммед
К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті 4-курс
«Опералық ән»
1-орын: Шевченко Богдан
Құрманғазы атындағы ҚҰК 2-курс
2-орын: Жалғасова Аружан
Құрманғазы атындағы ҚҰК 3-курс
2-орын: Жұма Жайна
К. Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ 3-курс
3-орын: Тулегенов Данияр
Құрманғазы атындағы ҚҰК 4-курс
3-орын: Жазитов Ислам
Құрманғазы атындағы ҚҰК 4-курс
3-орын: Котова Ирина
Құрманғазы атындағы ҚҰК 3-курс