Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақхана мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті
6 қыркүйек 2024
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, 2024-2025 оқу жылына студенттерді жатақханада орналастыру қорытындысына қатысты жатақхана мәселесі бойынша комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде жетім балаларды, мүгедектігі бар студенттерді, көп балалы отбасынан шыққан студенттерді, шетелдік студенттерді және басқа да топтарды қоса алғанда, әлеуметтік осал санаттарға жататын студенттердің басым қоныстануын қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, жатақханадағы орындарды бөлу процесіне жан-жақты талдау жүргізілді.
Комиссия, жоғарыда аталған санаттарға жататын студенттердің жатақханаға орналасуы үшін, барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында оларға орын беруді басымдықпен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап өтті.
Айта кету керек, 2024-2025 оқу жылында жатақханаға орналасуға өтінім беру үрдісі «Platonus» платформасындағы «Жатақхана» модулі арқылы жүзеге асырылып, орындарды студенттерге бөлудің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, өтініш берген барлық студенттерге жатақханада орын беріліп, жатақханада студенттерді орналастыру үдерісін ұйымдастырудың едәуір деңгейін көрсетті.
Қабылдау 2024