Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің интеллектуалдық және бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған бағдарламалар аясында шахмат пен дойбыдан турнирлер ұйымдастырылды
11 наурыз 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің интеллектуалдық және бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған бағдарламалар аясында шахмат пен дойбыдан турнирлер ұйымдастырылды.
Іс-шараларды жатақхана істері бойынша Студенттер кеңесі әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметтерінің қолдауымен өткізді.
Турнирлер стратегиялық ойындарға қызығушылық танытқан студенттердің басын қосып, оларға аналитикалық ойлау қабілетін, тактикалық шеберлігін және стратегиялық жоспарлау қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Сайыстар достық бәсекелестік атмосферасында өтті. Ойыншылардың бірегей тактикалық жүрістері мен ерекше шешімдері байқаушыларды қатты қызықтырды.
Мұндай іс-шаралар интеллектуалдық ойындарды насихаттаумен қатар, студенттерді біріктіріп, логикалық ойлау және салмақты шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Турнирлердің маңызды бөлігі тек жеңімпаздарды анықтау ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасу, стратегияларды талқылау және осы саладағы теориялық білімдерді тереңдету үшін алаң құру.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жатардың шығармашылық және жеке тұлғалық қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасай отырып, олардың интеллектуалдық, мәдени және спорттық дамуына бағытталған студенттік бастамаларды қолдауды жалғастыруда.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024