Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында турникке тартылу және кеудені көтеру (отжимание) жаттығуларын қамтитын жалпы физикалық дайындық бойынша жарыс ұйымдастырылды

Жастар арасында физикалық төзімділікті дамытуға, денсаулықты нығайту мәдениетін насихаттауға және спорттық рухты қалыптастыруға бағытталған іс-шараны Жатақхана істері жөніндегі студенттер кеңесі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс және жастар саясаты қызметтерінің қолдауымен ұйымдастырды.

Жарыс алаңында өз күшін сынап, физикалық дайындық деңгейін жариялағысы келетін студенттер жолықты. Олар жоғары мотивация, табандылық пен спорттық рух көрсетті, ал көрермендер әр қатысушыны қолдап, сайыстың сәнін ашты. Берілген спорттық тапсырмалар төзімділік пен күшті, координация мен дұрыс техниканы және өзін-өзі тәрбиелеуді талап етті 

Іс-шараның осындай форматы студенттер арасында спорттық дәстүрлерді нығайтуға, өзін-өзі дамыту және достық қатынастарды күшейтуге қолайлы атмосфераны қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Мұндай бастамалар спорттық мәдениетті дамытуға, салауатты бәсекелестік атмосферасын құруға және жастарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға ынталандырады.
 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы академиялық, шығармашылық және спорттық тәрбиені ұштастыра отырып, жастардың үйлесімді дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға әрқашан дайын.

 
Альбомдарға оралу