Menu HELPDESK

«Өрт қауіпсіздігі және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті



2023 жылдың 5 сәуірінде консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында Өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғау жөніндегі инженер - Әшімов Талғат Абдултәліпұлының өнер-білім ордасының студенттерімен кездесуі өтті.


Кураторлық сағатты консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы ашып берді. Жиынның басты мақсаты консерватория студенттерін қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өрттің алдын алу сияқты мәселелерді талқылау болды. Кездесу барысында студенттерді қызықтыратын бірталай сұрақтар қойылды. Сауалдарға спикер тарқата жауап беріп, өзі дайындап әкелген бейнежазбаларын көрсетті. Бұл бейнежазбалар студенттерге үлкен әсер қалдырды, себебі, онда көпқабатты үйлердегі өрт кезіндегі адамдардың терезеден секіргендері, өрт сөндіру кезінде кездесетін қиыншылықтар көрсетілді. «Ойыннан өрт шығады, су мен өрт – тілсіз жау деген бабалармыздан қалған ұлағатты сөз бар. Деректерге сүйенсек өрттің көп болатын орны көпқабатты ғимараттар мен тұрғын үйлерде. Көп жағдайда өрт оқиғалары адамдардың өзіндік қателіктерінен туындайды, отты қолдану және электр құралдарын пайдаланудағы немқұрайлық және абайсыздық – өрттің шығуының негізгі себептері. Сондықтан да, барлығымыз өрт қауіпсіздік шараларын білуге және сақтауға міндеттіміз» - деді. Сондай-ақ, Талғат Абдултәліпұлы терроризмнің алдын алуға байланысты әрекет ету және сақтану жолдарын да түсіндірді.















Альбомдарға оралу