«ТҰҒЫРЫ БИІК – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
Құрметті оқырмандар!
Әрбір мемлекет пен халықтың тағдырлы деп атауға болатын күндері бар. Қазақстандықтар үшін мұндай күн 1991 жылғы 16 желтоқсан болды. Бұл күні Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік күні-әрқайсымыздың, Қазақстанның барлық халықтарының мерекесі.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «ТҰҒЫРЫ БИІК – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастап Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы алдындағы қасіретті оқиғалар мен Желтоқсан оқиғасына, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қатысушы тұлғалар, 1991 жылдан бастап мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолдары және Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы маңызы туралы кітаптар қойылған.
Көрмемен «Б» корпусының оқу абонементі жанында, 3 қабаттағы кітапхана фойесінде танысуға болады.