Menu HELPDESK

«Құқықтық бедерсіздік – сыбайлас жемқорлық негізі» тақырыбында семинар болып өтті.



2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында 9 желтоқсан – Халықаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Құрманғазы атындағы ҚҰК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бас әкімші Олжас Омарұлының бастамасымен және Алматы қаласы Алмалы ауданы «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңсесі «Parasatty Urpag U’s’in» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Құқықтық бедерсіздік – сыбайлас жемқорлық негізі» тақырыбында семинар болып өтті.

Келелі кездесуге Алматы қаласы Полиция Департаменті Президиумының Құрметті мүшесі, отставкадағы полковник Қазыбай Ағзам Иманшаұлы, «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңсесінің мүшесі Скоробогатова Юлия және «Жаңару» қозғалысының белсендісі, отставкадағы полковник Ахметсафин Мүбарак Мұхатайұлы арнайы келіп қатысты.

Іс-шара барысында қонақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылатындығын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп беретіндігін, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететіндігін де әңгіме арқауына айналдырды.






Альбомдарға оралу