1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ
25 қараша ZOOM платформасы арқылы Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.о. М.Ешмұхановтың бастамасымен діни экстремизм тақырыбына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай деректі фильмдерді талқылауға бағытталған 1 курс студенттеріне арналған кураторлық сағаты өтті.
Діни экстремизмге байланысты бірінші курс студенттеріне Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы дін мәселелері жөніндегі орталығының жетекші маманы Ақшабай Марал Еркеғалиқызы дәріс жүргізді. 12:00 мен 13:00 аралығында болған кураторлық сағатта еліміздегі дін мәселесі көтерілді және әртүрлі діни ағымдар жайында түсінік берілді. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Сағат 13:00 мен 14:00 аралығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай деректі фильмдер талқыланды. Талқыға түскен фильмдер алдын ала барлық студенттік топтарға жіберіліп, көруге ұсынылған болатын. Фильмді талқылау барысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың енбектері, тәуелсіздік алған жылдардан осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар жайында сөз қозғалды. Студенттер өз ойларын ашық түрде ортаға салды.