1-курс студенттеріне арналған «Жаңа Қазақстан, жастар және өнер» атты кураторлық сағат өтті
18 мамыр күні консерваториямыздың А.Жұбанов атындағы кіші концерт залында 2021-2022 оқу жылындағы 1-курс студенттеріне арналған «Жаңа Қазақстан, жастар және өнер» атты кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағатты Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы жүргізді.
Жиынды Мұхамбет Ашхатұлы кіріспе-баяндамасымен ашты. Ол өз баяндамасында Мемлекет басшысының елімізді саяси модернизациялау туралы 16-наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған бағыттары жөнінде сөз қозғап, алдағы 5 маусымда өтетін Референдумға байланысты жастарға дұрыс бағыт көрсету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жасады.Сондай-ақ, оларды өз шешімдерін жасап дауыс беруге щақырып, қазақ елінің болашағы тек жастардың қолында екендігін атап өтті.