11 қыркүйек күні Қазақ ұлттық консерваториясында «Парасаттылық сағаты» тақырыбында кураторлық сағат өтті
11 қыркүйек 2024
11 қыркүйек күні Қазақ ұлттық консерваториясында «Парасаттылық сағаты» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі бас әкімшісі және студенттер мен түлектермен жұмыс бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірінші орынбасары Жарқын Ғалимов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бас әкімші Олжас Омарұлы мен тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Наурыз Кулдановтар сөз сөйледі.
Жарқын Ғалимов студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністері мен тарихи тамыры туралы, сондай-ақ оның қоғамымызда кең жайылуына ықпал ететін факторлар туралы ақпаратпен бөлісті. Замана дертімен, әсіресе білім беру саласындағы жемқорлықпен күресуге ерекше мән беру керектігін атап өтіп, адалдық пен ашықтықтың маңыздылығын естен шығармау керек екенін айтты.
Кездесудің соңында спикерлер студенттерді оқу барысында адал болуға шақырып, білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.
Қабылдау 2024