12–13 мамыр күндері Үрімші қаласында Халықаралық конференция өтті
15 мамыр 2025
12–13 мамыр күндері Үрімші қаласында (Қытай) білім беру, өндіріс, инновациялар және олардың интеграциясы мәселелеріне арналған Халықаралық конференция өтті. Оған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова мен ректор аппараты қызметінің жетекшісі Виталий Сиротин қатысты.
Консерваториямыздың Қытайдың Шыңжаң-Орталық Азия көркем білім беру ғылыми-зерттеу орталығының мүшесі болып сайлануы – конференециядағы басты оқиғалардың бірі болды. Бұл — өңір елдері арасындағы диалогты, ғылыми бастамалар мен мәдени байланыстарды дамытатын маңызды платформа. Оқу ордамызға қатысты қабылданған шешім академиялық және шығармашылық алмасуға, бірлескен зерттеулерді жүргізуге, шеберлік сағаттары мен фестивальдер өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.
Жасалған қадам — қазақ музыка мектебінің маңыздылығы мен Орталық Азия өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты мойындалуы болып табылады. Осы үдерістің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және тәжірибемізбен бөлісіп, шекарасыз өнер келешегіне қарай бірге қадам басуға дайын екенімізді жеткіземіз.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025