Menu HELPDESK

13 ақпан күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында орган музыкасының кеші өтті

13 ақпан күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында орган музыкасының кеші өтті. Зал көрермендерге лық толды.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ғабит Несіпбаевтың сыныбының студенттері өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама орган өнерінің жауһарларын – Н. Брунс, И. С. Бах, А. Вивальди, А. Кальдара және И. Л. Кребстердің шығармаларын қамтыды. Музыка әлемінің таңғажайып атмосферасына бөлеген кеш өнерсүйер қаумыға мереке сыйлады.

Орындаушылар мен көрермендерге ұмытылмас концерт үшін алғысымызды білдіреміз! Афишаны қадағалаңыздар — алда көптеген қызықты іс-шаралар күтуде.

 

 

Альбомдарға оралу