13 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ресми сапармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылым департаментінің директоры Майра Нұрғалиева келді
13 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ресми сапармен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылым департаментінің директоры Майра Нұрғалиева келді.
Іс-сапар аясында оқу орнының басшылығы - ректор Гаухар Тасбергенова, ғылыми-инновациялық қызмет, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор міндетін атқарушы Айзада Нүсіпова, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Наурыз Құлданов, сондай-ақ ректор аппараты қызметінің жетекшісі Виталий Сиротиндер қатысқан кездесу өтті.
Кездесу барысында консерваторияны дамытудағы негізгі бағыттар талқыланды. Әсіресе, министрлік деңгейінде кешенді шешімдер мен қолдауды қажет ететін әлеуметтік және материалдық-техникалық сипаттағы мәселелерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар білім беру, ғылыми және шығармашылық саясатқа қатысты мәселелер қозғалды.
Кездесу сындарлы атмосферада өтіп, болашақтағы ынтымақтастықтың нақты қадамдарын айқындады. Мұндай диалогтар музыкалық білім беру жүйесінің тұрақты моделін қалыптастыру және еліміздің мәдени өміріндегі өнердің рөлін арттыру үшін маңызды.