17-24 қазан аралығында консерватория студенттері Республика күніне арналған жалпыуниверситеттік диктантқа қатысты
25 қазан 2024
Қазақ ұлттық өнер консерваториясында 17-24 қазан аралығында Республика күніне арналған жалпыуниверситеттік диктант өтті.
Бұл шараға бірінші курс студенттері барлық мамандықтар бойынша белсенді түрде қатысты.
Диктанттың мақсаты студенттердің сауаттылығын жетілдірумен қатар, олардың тіл мәдениетін нығайту, ұлттық тарих пен әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды. Диктант мәтінін әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары дайындап, шараны өткізуді ұйымдастырды.
Іс-шараның ерекшелігі ретінде тәуелсіздік, бостандық және Қазақстанның дербес даму жылдарындағы жетістіктері тақырыптарының басты назарда болуын атап өтуге болады. Тарихи және мәдени деректерге толы диктант мәтіні арқылы студенттер мерекенің мәнін терең түсініп, Республика күні мен Тәуелсіздік күнінің айырмашылығын айқын ұғынды.
Осы сияқты білім беру іс-шаралары студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етіп, өз мәдениетіне, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыруға септігін тигізеді.
Қабылдау 2024