1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады
Құрметті оқырмандар!
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан бүкіл әлемге өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік күні — Қазақстан халқының бірлігі мен патриотизмінің символы, ұлттық мерекесі.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі және электронды «ТҰҒЫРЫ БИІК - ТӘУЕЛСІЗДІК» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерді, маңызды оқиғалар мен жетістіктерді көрсетуге бағытталған.
Көрмеде 1991 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі және егемендік алғаннан бергі жетістіктері туралы кітаптар ұсынылған. Ерекше назар Қазақстан Республикасының Президентінің тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөліне және елдің халықаралық аренадағы жетістіктеріне аударылған.
Көрмемен Консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залының фойесінде және онлайн форматта ҒАКҚ электронды кітапханасында – «Виртуалды көрме» бөліміндегі «Бас мәзір» бөлімінен мына сілтеме бойынша танысуға шақырамыз: http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385