2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті
2025 жылдың 2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыкасы факультеті «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы Ғазиза Жұбанова атындағы камералық залда өтті. Олимпиада 4 номинация бойынша өткізілді, олар: үш ішекті аспаптар бойынша – домбыра прима; шертер, домбыра бас; фольклорлық аспаптар бойынша 2 номинация: сазсырнай; жетіген, сыбызғы номинацияларына бөлінді.
Үш ішекті аспаптар номинацияларының төрайымы ҚР мәдениет қайраткері, профессор З.Измуратова, мүшелері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Е.Басықара, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің домбыра прима тобының концертмейстері Н.Абылқасымова және хатшы «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының 2 курс магистрі З.Искахпен қамтылды.
Шымкент, Алматы, Семей, Ақтау, Атырау, Көкшетау қалаларындағы музыка және өнер колледждерінен, Алматы қаласындағы арнайы мамандандырылған А.Жұбанов және К.Байсейітова атындағы музыка мектептерінен 17 студент қатысып, бақ сынасты.
ХVІІ Республикалық кіші олимпиада тапсырмаларының нәтижелерін сараптап, байқау комиссиясы мынадай марапаттауларды тағайындауға жөн санады:
1-орын: Қошақанов Салауат
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі
1-орын: Елеусінұлы Расул
Маңғыстау өнер колледжі
2-орын: Рахимжан Аяулым Кенжебайқызы
«П.И. Чайковский атындағы» Алматы музыкалық колледжі
2-орын: Қожамұрат Аружан Қожамұратқызы
Дина Нұрпейісова атындағы ХМА Атырау музыкасы колледжі
2-орын: Әшке Бахтияр Ақылбекұлы
К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандырылған музыка мектеп интернаты
2 – орын: Хажымұрат Нұртас
«Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі» ҚМКК, Абай облысы, Семей қаласы.
3-орын: Абден Жалғас Жансейтұлы
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі
3-орын: Магауия Бейбарыс
Атырау облысы, Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп гимназия интернаты
3-орын: Жұматай Батыржан
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан Өнер училищесі
3-орын: Қазбеков Ислам
Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі
3-орын: Жақсыбай Олжас Жанжігітұлы
Шымкент саз колледжі
3-орын: Нұрлан Алмас Батыржанұлы
П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі
«Нұрғиса Тілендиев» атындағы арнайы диплом:
Нұрлан Алмас Батыржанұлы
П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі
Қожамұрат Аружан Қожамұратқызы
Дина Нұрпейісова атындағы ХМА Атырау музыкасы колледжі,
Фольклорлық аспаптар номинациясының төрайымы ҚР мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, өнертану кандидаты, доцент Т.Мұқышев, мүшелері ҚР мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы ҚҰК «көне музыкалық аспаптар» кафедрасының доценті Г.Далбағай, «Сазген сазы» фольклорлық ансамблінің әртісі Д.Окманова және хатшы «Көне музыкалық аспаптар» кафедрасының 1 курс магистрі А.Жумаканмен қамтылды.
Астана, Көкшетау, Қызылорда, Алматы қалаларының музыка және мәдениет колледжерінен 10 студент қатысып бақ сынасты.
ХVІІ Республикалық кіші олимпиада тапсырмаларының нәтижелерін сараптап, байқау комиссиясы мынадай марапаттауларды тағайындауға жөн санады:
1-орын: Жаубасова Айжан Мұратжанқызы
К.Байсеитова атындағы ҚазҚӨУ колледжі , 2-курс
1-орын: Хамидулла Нәрқыз Нариманқызы
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, 4-курс
2-орын: Дулатқызы Еркеназ
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі,4-курс
2-орын: Қабимолда Әлихан Алимжанұлы
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі,4-курс
2-орын: Макенова Мерей Кемельовна
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, 3-курс
2-орын: Касенжан Зарема Жақсылыққызы
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, 4-курс
3-орын: Албатыр Қымбат Аянқызы
Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, 4-курс
3-орын: Әбдіманап Ділназ
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі,3-курс
3-орын: Серікқызы Дильназ
П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, 4-курс
3-орын: Мұрат Әмина Аманкелдіқызы
Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі, 3- курс