Menu HELPDESK

2024 жылғы 28 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында — Welcome Party өтті


2024 жылғы 28 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында бірінші курс студенттеріне арналған жарқын да есте қаларлық іс-шара — Welcome Party өтті.

Кеш басқа қалалардан келген және шетелдік студенттерге жаңа ортаға тезірек бейімделуге, достық қарым-қатынас орнатуға және өзін үлкен ұжымның бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара жылы әрі жайлы атмосферада өтуі үшін көптеген қызықты жағдайларға толы болды. Кездесудің басты бөлімдерінің бірі — кино кешінде студенттерге қызықты фильмдер топтамасы көрсетіліп, олардың уақыттарын көңілді, әсерлі өткізуге, араласу нәтижесінде алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Жастар ісі жөніндегі комитеті мен жатақхана бойынша студенттер кеңесі Welcome Party-ді ұйымдастыруда студенттердің барлық сұраныстары мен қызығушылықтарын ескеруге тырысты. Нәтижесінде кездесу достық және жағымды атмосферада өтіп, қатысушыларда көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды.

Welcome Party бірінші курс студенттерінің өміріндегі жаңа кезеңнің тамаша бастамасына аналып, жатақханада тұратын басқа жастармен достық байланыстар орнатуға және өздерін алдағы оқу жылына қажетті позитивпен толтыруға мүмкіндік алды.

   

   

Альбомдарға оралу