Menu HELPDESK

2024 жылғы 3 қазан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында әлемге әйгілі швейцариялық баяншы Ив Муленнің шығармашылық кеші өтті


2024 жылғы 3 қазан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында әлемге әйгілі швейцариялық баяншы Ив Муленнің шығармашылық кеші өтті.

Концертті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығы аясында «Қобыз және баян» кафедрасы ректор Гаухар Тасбергенованың қолдауымен  ұйымдастырды.

Ив Мулен классика, джаз, дәстүрлі және заманауи жанрларды шебер үйлестіру арқылы, өзінің ерекше бағдарламасымен тыңдармандарды баурап алды. Көрермендер баянның шексіз мүмкіндіктерін көрсеткен керемет музыкалық саяхатқа бойлады.

Сахнада «Қобыз және баян» кафедрасының баяншылар ансамблі (жетекшісі – ҚР Білім беру үздігі Сұлтан Қожахметов), халықаралық конкурстардың лауреаттары Дәурен Раев (домбыра), Бекежан Рақышев (контрабас), Нұрсұлтан Омарғазин (фортепиано) және ҚР Мәдениет үздігі Ғалымжан Нарымбетов өнер көрсетті.

Бізбен бірге болғандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

   

   
Альбомдарға оралу