Menu HELPDESK

2024 жылғы 30 қазан күні Қазақ ұлттық консерваториясында кураторлық сағат өтті


2024 жылғы 30 қазан күні Қазақ ұлттық консерваториясында кураторлық сағат аясында студенттер Алматы қаласы Медициналық сақтандыру қорының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекші сарапшылары Гүлсезім Ермекбайқызы Оскенбаевамен және Шыңғыс Ерболатұлы Әбдірасиловпен кездесті.

Кездесу барысында мамандар міндетті медициналық сақтандыру мәселелерін жан-жақты талқылап, оның артықшылықтары мен медициналық қызметтерді пайдалану тәртібін түсіндірді. Студенттерге сақтандыру жүйесінің негізгі қағидалары, сақтандырылған медициналық қызметтерге қол жеткізу шарттары, сондай-ақ сақтандырылған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет берілді. Сарапшылар студенттердің сұрақтарына толық жауап беріп, қоғамымызда кең тараған қате пікірлерді жойып, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу бойынша тәжірибелік кеңестер берді.




Альбомдарға оралу