2024 жылғы 31 қазан күні Республика күніне орай Алматы қаласының ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Салтанатты қабылдау рәсімі өтті
2024 жылғы 31 қазан күні Республика күніне орай Алматы қаласының ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Іс-шараға ұйымдастырушылардың бастамасымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының дарынды студенттері өнер көрсетіп, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ерекше тапсырмалар Бойынша Елші — ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдік Басшысы Жәнібек Әбдрашов 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Мемлекеттік тәуелсіздігімізге негіз болған Егемендік декларацияның маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларды Республика күнімен құттықтады.
Ұйымдастырушылар Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергеноваға іс-шараны өткізуде көрсеткен қолдауы үшін ерекше алғыс білдірді.
Консерватория ұжымы мерекеге арналған кештің өтуіне үлес қосқаны үшін дән риза және мәдени байланыстарды нығайту үшін халықаралық стратегиясын одан әрі күшейтуді жалғастырады!