2024 жылдың 4 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы студенттік өмірдің өзекті мәселелерін және 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарларды талқылауға арналған кездесу өтті
4 қыркүйек 2024
2024 жылдың 4 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы студенттік өмірдің өзекті мәселелерін және 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарларды талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға студенттік белсенділер, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Н.Т. Құлданов, студенттер және түлектермен жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Ж. Ысқақов, сондай-ақ, консерватория психологы Д.Р. Шабденова қатысты.
Кездесу барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жастар ісі жөніндегі комитеті қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, жатақхана жұмысы бойынша студенттік кеңестің өкілдері, жатақханада тұратын студенттердің бос уақытта тынығуын ұйымдастыруға байланысты өзекті мәселелерге, сондай-ақ, ішкі тәртіп ережелеріне назар аударды. «Мейірім» волонтерлік клубы волонтерлік қызметті дамытуға және оларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне бағытталған әлеуметтік жобаларды ұсынды.
Студенттер және түлектермен жұмыс бөлімінің басшысы Ж. Ж. Ысқақов жастарды әлеуметтік маңызды да тәрбиелік қызметке белсенді тартуға ықпал жасайтын жаңа студенттік клубтар құру туралы ұсыныс жасады.
Психолог Д.Р. Шабденова «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» және «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі» тақырыптарында пікірталас жүргізіп, отбасылық дәстүрлерді нығайтуға бағытталған ағартушылық бағдарламаға назар аударды. Пікірталас аясында отбасылық құндылықтардың, балалардың құқықтарын қорғаудың және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ, кездесуде студенттер арасында студенттік ортада ұйымдастырушылық деңгейін нығайтуға және тәртіпті арттыруға ықпал ететін ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері талқыланып, белсенділердің пікірлері ескерілді.
Қабылдау 2024