Menu HELPDESK

2025 жылғы Saryn журналының нөмірлері ҚР Ұлттық кітапханасының қорында

 

2025 жылғы 9 шілдеде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына жаңа басылымдарды сыйға тартты.


Кітапхана қорына 2025 жылдың № 1 және № 2 сандары жарық көрген халықаралық рецензияланатын Saryn ғылыми журналының жаңа нөмірлері қабылданды. Аталған журналда музыкалық өнер, мәдениет пен білім саласындағы өзекті мәселелер қамтылып, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі ғылыми зерттеулері жарияланады. Журналдың нөмірлерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://sarynjournal.kz/index.php/saryn/issue/archive.

 

Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің бірлескен ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылған «Өнердегі синтез мәселелері және ұлттық мәдениет» атты дөңгелек үстел материалдарының жинағы да кітапхана қорына табысталды. Жинақпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.conservatoire.edu.kz/upload/06-2025/sbornik-dokladov.

Альбомдарға оралу