2025 жылдың 16 cәуір күні «Қаржы орталығы» АҚ өкілдігінің жетекші маманы Тыныбеков Абылай Амангелдіұлымен кездесу өтті
2025 жылдың 16 cәуір күні «Қаржы орталығы» АҚ өкілдігінің жетекші маманы Тыныбеков Абылай Амангелдіұлымен кездесу өтті, онда консерваториямыздың 3 деңгейлі бакалавриат, магистратура және докторантура бітіруші түлектерімен мемлекеттік білім грантын өтеудің негізгі аспектілері жан-жақты түсіндірілді. Міндетті білім беру грантын өтеу шарттары, қажетті құжаттарды ресімдеу тәртібі, сондай-ақ оқуды жалғастыру және ерекше әлеуметтік жағдайларды қоса алғанда, міндеттемелерден босату негіздері қарастырылды. Орталық өкілдері талаптарды орындамаудың ықтимал салдарын, соның ішінде грант сомасын қайтару қажеттілігін түсіндіріп, жұмыс орнынан құжаттарды рәсімдеу тәртібі, оның ішінде автоматтандырылған тексеру мүмкіндігі туралы ақпарат берді.
Кездесуге қатысқан барлық түлектерге алғыс білдіреміз. Алынған ақпараттың түлектерге грантты өтеу жөніндегі міндеттемелерін уақытылы орындауға және кәсіби болашағын дұрыс жоспарлауға көмектесетініне сенім білдіреміз.
Мемлекеттік білім беру грантын өтеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша "Практика, жұмыспен қамту және мансап" секторының келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады:
+7 (727) 261-13-68