Menu HELPDESK

2025 жылдың 27 маусым мен 31 шілде аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ең ірі оқу және практикалық әдебиет базасына — IPR SMART электронды-кітапханалық жүйесіне тегін тестілік қолжеткізу мүмкіндігі беріледі

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

2025 жылдың 27 маусым мен 31 шілде аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ең ірі оқу және практикалық әдебиет базасына — IPR SMART электронды-кітапханалық жүйесіне тегін тестілік қолжеткізу мүмкіндігі беріледі.
IPR SMART қоры 165 мыңнан астам контентті қамтиды, оның басым бөлігі — барлық білім беру бағыттары бойынша, соның ішінде музыкалық өнер мен мәдениет саласына арналған бірегей оқу және ғылыми басылымдар. Бұл — жоғары білім берудің соңғы стандарттарына сай әзірленген заманауи оқу әдебиеті. Қазіргі уақытта көптеген оқытушылар өз пәндерінің оқу бағдарламаларын жаңартып, IPR SMART электронды кітапханасына сілтеме жасай алады.
IPR SMART — бұл университеттік экожүйеге оңай біріктірілетін икемді ресурс. Ол тек цифрлық кітапхана ғана емес, сонымен қатар студенттерге кітапхана ұсынған әдебиеттер мен басқа да сервистер негізінде жеке білім траекториясын қалыптастыруға, жаңа құзыреттерді игеруге, ал оқытушыларға пәндердің жұмыс бағдарламаларын және әдебиеттер тізімін тиімді әрі икемді әзірлеуге мүмкіндік береді.

•    IPR SMART электронды кітапхана жүйесін (ЭБС) пайдалану үшін https://www.iprbookshop.ru
сайтында қашықтан тіркеуден өтіп, консерватория кітапханасының қызметкерлерінен бастапқы логин мен құпиясөз алу қажет.

•    IPR SMART оқу ресурсын пайдалану жөніндегі нұсқаулық мына сілтеме арқылы қолжетімді:
https://disk.yandex.ru/i/oSyglqBD0LG-Dw

Назар аударыңыз! Тіркеу немесе электрондық ресурстарға қол жеткізу бойынша техникалық көмек алу үшін Ғылыми-ақпараттық кітапхана және электрондық ресурстармен жұмыс істеуді басқару бөлімі қызметкерлеріне хабарласыңыз (В корпусы, 3-қабат, 318-кабинет) немесе төмендегі WhatsApp нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
+7 777 206 20 71 Фируза Исаханкызы;
+7 707 138 47 96 Гулжанат Несипжанкызы;
+7 747 697 86 87 Жаныл Канатбаевна.




Альбомдарға оралу