29 сәуір күні Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында магистратураның 2 курс студенті Аршат Шәріптің басқаруымен Giovani Talenti камералық оркестрінің концерті өтті.
29 сәуір 2025

Кештің басты оқиғасы — Giovani Talenti оркестрінің репертуарындағы қазақстандық композиторлардың шығармаларынан құралған жинақтың тұсаукесері. Жинақты құрастырушы – Аршат Шәріп. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жас таланттарды қолдау мақсатында құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылды.
Концерт қазақтың композиторлық мектебінің негізін қалаушылардың бірі -Ахмет Жұбановтың туған күніне орай ұйымдастырылды. Кеш бағдарламасында Карина Измайылова, Ерназар Ғимарат, Абылай Нұрлыбек, Нұржан Жүсіп, Тамила Омарова және Әділет Сексеновтер өнер көрсетті.
Аршатты жобаны сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және студенттеріміздің жетістіктерімен әрқашан мақтанамыз!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025