Menu HELPDESK

«Ақсақ Құлан» атты лекция концерті өтті

2024 жылдың 17 сәуірінде А. Жұбанов атындағы концерт залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор М.А.Ешмұхановтың бастамасымен және Халық музыкасы факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 толуына орай кураторлық сағат аясында 1 курс магистранттары мен студенттердің қатысуымен «Ақсақ Құлан» атты лекция концерті өтті.

Қазақтың күйшілік өнеріндегі көне күйлердің бірі – халық күйі «Ақсақ құлан». Бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен байланысты. Аталмыш лекция концерттің мақсаты студенттерді осы күйдің ғана емес жалпы қазақ күй өнерінің тарихымен тереңірек таныстыру болып табылды. Қорыта айтқанда, күй – ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың асыл мұрасы. Оның өміршеңдігінің өлшемі уақыт талғамайтын, кезең, дәуір шаңдағында қалып қоймай, әр заманның рухани тілегіне сәйкес, жоғары интеллектуалдық парасаттылығымен табындырып, өзгеше өрнегімен таразыланады. Күйлер халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Күй өнері – ұрпақ арасындағы сабақтастықтың алтын арқауы ретіндегі уақытаралық қатынастың басты құралы.





Альбомдарға оралу