Menu HELPDESK

"Ақжайықтың ән сандуғашы" атты Республикалық вокалистер байқауында топ жарған студенттерімізді шын жүректен кұттықтаймыз!


2024 жылғы 10-11 қазан күндері Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жұмағаным Рахимованың II "Ақжайықтың ән сандуғашы" атты Республикалық вокалистер байқауында топ жарған студенттерімізді шын жүректен кұттықтаймыз!

Алға суырылып шыққан жеңімпаздарымызды арнайы құттықтаймыз!
Олар:
Гран-при — Бейсеков Әлихан, 2 курс (аға оқытушы Чалабаев Мұрат Құлалұлының сыныбы)
1 орын — Алпысбаева Аружан, 4 курс (доцент Бекназарова Танагүл Кайкеновнаның сыныбы)
2 орын — Тұрсынбай Бердаулет, 4 курс (аға оқытушы Чалабаев Мұрат Құлалұлының сыныбы)

Сонымен қатар, дипломанттарымызды да шын жүректен құттықтаймыз! 
Олар: 
Дәрменов Нұрмұхаммед, 4 курс (аға оқытушы Чалабаев Мұрат Құланұлының сыныбы)
Жұмағаным Рахимованың репертуарынан романсты үздік орындағаны үшін арнайы сыйлыққа ие болған Нұрғалиев Шыңғыз, 4 курс (оқытушы Трегубенко Андрей Юрьевичтің сыныбы).

   


Альбомдарға оралу