Абай Күзембаев «Денсаулық мектебі» жобасы аясында «Денсаулық – өнер ретінде» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды
2024 жылғы 3 қазан күні «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Абай Күзембаев «Денсаулық мектебі» жобасы аясында «Денсаулық – өнер ретінде» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Бұл бастама мүмкіндігі шексіз студенттер мен азаматтарға бағытталып, денсаулық пен әл-ауқаттың негізгі аспектілерін шығармашылық тәсілмен талқылауды мақсат етті. Іс-шара студенттермен және түлектермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылғандықтан, кездесу қосымша білім беру және ұйымдастырушылық сипатта өтті. Қатысушылар тек физикалық күй ретінде емес, сонымен қатар кешенді шығармашылық процесстің нәтижесі ретінде қарастырылатын денсаулық концепциясымен танысты.
Талқыланған басты тақырыптардың бірі – өнер арқылы өзін-өзі көрсетудің рөлі және оның психоэмоционалдық және физикалық тұрғыда маңыздылығы. Қатысушыларға денсаулықты тек қана медициналық емес, сондай-ақ мәдени және көркем аспектілер де маңызды орын алатын көп қырлы процесс ретінде қарастыру ұсынылды.
Студенттің бастамасы құрдастары тарапынан қолдау тапты, ал денсаулыққа шығармашылық тұрғыдан қарау тәсілі қатысушыларды өз әдеттерін қайта қарап, физикалық және эмоционалдық күйін күтуде жаңа әдістерді іздеуге шабыттандырды.