Menu HELPDESK

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халықаралық бөлімі республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға екінші және үшінші курс студенттері арасында конкурс жариялайды. Оқыту ағымдағы 2023–2024 оқу жылының II семестрі ішінде әріптес жоғары оқу орындарында: 

Н. Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясы (https://www.kazancons.ru/);

А. К. Глазунова атындағы Петрозаводск мемлекеттік консерваториясы (https://glazunovcons.ru/);

 

Байқау екі кезеңнен тұрады.

 

І кезең. Жеке іс құжаттарының талаптарына сәйкестігі.

1.        Өтініш­­­­­­­­­ – шетелде оқуға негіздеме;

2.        Белгіленген нысанда шетелге оқуға шығатын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы;

3.        Кафедра меңгерушісінен және тиісті факультет деканынан ұсыным хаттар;

4.        Ата-анасының (және/немесе жұбайының) Қазақстан Республикасының азаматын шетелде оқу үшін екі айдан астам кезеңге (18 жасқа толмаған) жіберуге келісімі туралы нотариалды куәландырылған өтініші;

5.        Паспорттың көшірмесі;

6.        Транскрипттің көшірмесі.

 

II кезең. Әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу үшін халықаралық бөлім қызметкерлері құжаттары І кезеңнің талаптарына сәйкес келетін қатысушылардың тізімін қалыптастырады.

Үміткерлер Конкурстық комиссияның отырысына әңгімелесу үшін шақырылады.

Комиссия үміткерлерді мынадай критерийлер бойынша бағалайды:

§   Білім алушылар 2-ші және 3-ші курс бакалавриатының студенттері болуы тиіс;

§   ҚР азаматтары (шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының 7, 9-1-тармақтарына сәйкес және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін көзделген);

§   Бүкіл оқу кезеңіндегі академиялық үлгерім (ағымдағы транскриптті студенттер кафедра және офис-тіркеуші бөлімі арқылы ұсынуы тиіс);

§   Алдыңғы сессияның «А», «А-», «В +», «В», «В-» бағаларымен аяқталуы;

§   Студенттердің академиялық қарызы болмауы тиіс;

§   Үміткердің өзінің орыс/қазақ тілдеріндегі ауызша таныстырылымына сәйкес (әріптес жоғары оқу орындарында оқыту орыс тілінде болады) және ұсынылған құжаттарға сәйкес шетелде (бес балдық шкала бойынша) оқуға ниет білдіру себептерін қысқаша түсіндіру;

§   Республикалық немесе халықаралық конкурстардың лауреаты дипломдарының және мамандығы бойынша басқа да сертификаттардың болуы (әрбір жетістігі үшін + 1 балл);

§   Студенттер Консерваторияның қоғамдық өмірінің белсенді қатысушылары болуы тиіс.

 

Ақылы бөлімде оқитын студенттер байқаудан өткен жағдайда өз есебінен бара алады.

 

Байқаудың I кезеңі 11.12.2023-14.12.2023 аралығында өтеді

Байқаудың II кезеңі 15.12.2023 жылы сағат 14: 00-де конференц-залда өтеді

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық бөлімге хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Анықтама телефоны: +7 (727) 338 44 83

Кеңсе: 004 (Консерваторияның А әкімшілік корпусы)

Email: intdepkons@gmail.com (хаттың тақырыбында ТАӘ көрсету және «Академиялық ұтқырлық» деген белгі қою міндетті)

Альбомдарға оралу