Menu HELPDESK

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу конкурсы



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Халықаралық бөлімі республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға екінші және үшінші курс студенттері арасында конкурс жариялайды. Оқыту серіктес жоғары оқу орындарында келесі 2024–2025 оқу жылының I семестрі ішінде өтеді (оқу ақылы. Консерватория жол шығындарын, сақтандыруды және 120 күндік тәуліктік шығындарын төлейді):

 

1. Әзірбайжан ұлттық консерваториясы, Баку. Мамандықтарды келесі сілтеме арқылы біле аласыз: https://clck.ru/3AoEUh;

2. Заманауи өнер институты, Мәскеу. Мамандықтарды келесі сілтеме арқылы біле аласыз:

https://isi-vuz.ru/sveden/education/programs/menedghment-v-sfere-kulytury-i-iskusstva-38.03.02.html — мәдениет және өнер саласындағы менеджмент бағдарламасына сілтеме;

https://isi-vuz.ru/sveden/education/programs/fortepiano-53.03.02.html — фортепианоға сілтеме;

https://isi-vuz.ru/sveden/education/programs/iskusstvo-opernogo-peniya-53.05.04.html — опера ән айту өнеріне сілтеме;

3. Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург Мемлекеттік консерваториясы, Санкт-Петербург\.: Мамандықтарды келесі сілтеме арқылы біле аласыз: https://www.conservatory.ru/education/abiturientam#tab-tab-16-2;

Бакалавриат болуына назар аударуыңызды сұраймыз. Нақтылап алу үшін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халықаралық бөліміне жүгіне аласыз (004 кабинет).

 

Байқау екі кезеңнен тұрады.

 

I кезең. Талаптарға сәйкес жеке іс құжаттарының бар болуы.

1) Өтініш – шетелде оқуға негіздеме – https://clck.ru/3ApRPB;

2) Белгіленген нысандағы шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы – https://clck.ru/3ApQvi;

3) Кафедра меңгерушісі мен тиісті факультет деканының ұсыныс хаттары –  https://clck.ru/3ApQzs;

4) 18 жасқа толмаған үміткерлердің ата-анасының (және/немесе жұбайының) екі айдан астам кезеңге шетелде оқу үшін Қазақстан Республикасының азаматын жіберуге келісімі туралы нотариалды куәландырылған өтініші;

5) Төлқұжаттың көшірмесі;

6) Транскрипт көшірмесі.

          

II кезең. Сұхбат.

Конкурсқа қатысу үшін халықаралық бөлімнің қызметкерлері құжаттары I кезеңнің талаптарына сәйкес келетін қатысушы студенттердің тізімін қалыптастырады.

Кандидаттар сұхбаттан өту үшін конкурстық комиссияның отырысына шақырылады.

 

Комиссия үміткерлерді келесі критерийлер бойынша бағалайды:

· Студенттер 1-ші және 2-ші курстардың бакалавриат студенттері болуы керек;

· ҚР азаматтары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 Бұйрығының (Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы.) 7, 9-1-тармақтарына сәйкес.);

· Барлық оқу кезеңіндегі академиялық үлгерім (ағымдағы транскрипт студенттерге кафедра және кеңсе тіркеушісі бөлімі арқылы ұсынылуы керек);

· «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларымен алдыңғы сессияны аяқтау;

· Студенттердің академиялық қарызы болмауы керек;

· Үміткердің орыс/қазақ тілдеріндегі ауызша презентациясына сәйкес (оқу серіктес жоғары оқу орындарында орыс тілінде болады) және ұсынылған құжаттарға сәйкес шетелде (бес балдық шкала бойынша) 1-ден 5-ке дейін оқуға деген ұмтылысының себептерін қысқаша түсіндіру;

· Республикалық немесе халықаралық конкурстар лауреаты дипломдарының және мамандығы бойынша өзге де сертификаттардың болуы (Әр жетістік үшін +1 балл);

 

Студенттер консерваторияның қоғамдық өміріне белсенді қатысуы керек.

 

Конкурстың I кезеңі 24.05.2024–29.05.2024 аралығында өтеді.

 

Конкурстың II кезеңі 03.06.2024, сағат 15:00-де өтеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін халықаралық бөлімге хабарласыңыз.

 

Анықтама телефоны: +7 (727) 338-44-83

Кабинет: 004 (Консерваторияның әкімшілік "А" корпусы)

Email: intdepkons@gmail.com (хаттың тақырыбында аты-жөнін және «Академиялық ұтқырлық» дегенді белгілей отыра жазу қажет)






Альбомдарға оралу