Алан Бурибаевпен шығармашылық кездесу өтті
30 қараша 2024
Ғ. Жұбанова атындағы Камералық залда әлемге әйгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бурибаевпен шығармашылық кездесу өтті.
Жылы әрі достық атмосферада маэстро кәсіби тәжірибесімен, қазіргі әлемдегі музыка рөлі туралы ойларымен және консерваториядағы студенттік жылдарынан естеліктерімен бөлісті.
Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін шабыттың нағыз қайнар көзі болып, мерейтойлық марафонның жарқын оқиғаларының бірі ретінде есте қалды. Алан Бурибаевқа шынайы құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін алғыс айтамыз!
Қабылдау 2024