Menu HELPDESK

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өткізілуде

2024 жылдың 27 сәуірінде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны бастау алғаны баршамызға белгілі. Бұл акция 8 сәуірден бастап мегаполисте бір ай ішінде өткізілуде.

 Шара жеті күнге созылатын бірнеше кезеңнен тұрады. Аталмыш науқан аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысы Н.Н.Аширов және оқытушы профессор (акад), ҚР Еңбек сіңірген артисі А.Н.Үлкенбаева көпшілікпен бірге Президент саябағында алма ағаштары көшеттерін отырғызды. Консерватория ректоры Нұркен Нұрғалиұлы науқанға қатысушыларды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды арттыруға бағыттайтын осындай экологиялық акцияларға үлес қосуға шақырды.



Альбомдарға оралу