Almaty Tourism Bureau өкілдерімен жұмыс кездесуі
2024 жылғы 5 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Консерватория әкімшілігінің Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Almaty Tourism Bureau өкілдері — MICE туризмді дамыту жөніндегі халықаралық кеңесші Хелена Махуас және MICE туризм халықаралық департаментінің бас менеджері Лейла Ашимовамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу аясында Консерватория өкілдері оқу орнының тарихы, оның негізгі даму кезеңдері мен қол жеткізілген жетістіктері, сондай-ақ халықаралық рецензияланатын Saryn журналының ілгерілеуі туралы айтып берді. Консерватория көрнекті музыканттарды шығаратын таланттар ұстасы ғана емес, сонымен қатар классикалық музыка мен музыкатануды кең аудиторияға таратуға және насихаттауға ықпал ететін халықаралық жобаларға белсенді қатысатыны атап өтілді.
Кездесуде Almaty Tourism Bureau мен Консерватория арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары қозғалды. Бірлескен халықаралық және туристік бастамаларды қолдауға ерекше назар аударылды.