Menu HELPDESK

Алматы қ. жоғары оқу орындарының психологиялық қызметінің қызметкерлеріне жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша мастер-класс өтті


2024 жылдың 2 қазанында «Қауіпсіз орта» жобасы аясында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының психологиялық қызметінің қызметкерлеріне шеберлік сыныбы өтті.

Жақында қалада орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тағы да өзекті тақырыпқа айналды.

Шеберлік сабағын «Қауіпсіз орта» жобасының Үйлестіру кеңесі п.ғ.к., жоғары санатты дәрігер, психиатр және психотерапевт Сергей Владимирович Склярдың жетекшілігімен ұйымдастырды. Шара барысында жастар арасындағы суицидтік мінез-құлыққа қатысты өзекті мәселелер, оның алдын алу бойынша қажетті шаралар талқыланды.

Қатысушылар өз-өзіне қол жұмсау қаупі бар жағдайларда әрекет ету нұсқаулары мен алгоритмдерімен, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықты анықтау және дағдарыстық жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерімен танысты. Қатысушылар қатарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының психологы Д.Шабденова осы бағыттағы жұмыстың жаңа тәсілдері мен әдістерімен танысты.

Бұл іс-шара Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолайлы орта құру жолындағы маңызды қадам болды.



Альбомдарға оралу