АЛЬТ МУЗЫКАСЫНЫҢ КЕШІ
7 ақпан 2023
2023 жылғы ақпанның 6 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Кіші залында дәстүрлі түрде Қазақстандағы альт мектебінің негізін қалаушы профессор, «Құрмет» орденінің иегері Яков Иосифович Фудиманның туған күніне орайластырылған, Қымбатты Ұстазға арналған жыл сайынғы «Альтшы күні» атты кезекті концерт болып өтті. Бұл концерттің идеялық бастамашысы, ұйымдастырушысы және жүргізушісі «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Н.Е. Сағымбаев болды.
Концерт шымылдығын альттер мен контрабас ансамбліне арналған Йоахим Йохоудың «Боккериниден сәлем» атты пьесасы түрді. Шығарманы магистратураның бірінші жылын оқып жүрген Ақмарал Сүният, Аружан Әбілсейіт, Шыңғыс Белгібаев және Самат Елмұрадов (контрабас) нәшіне келтіре орындап шықты.
Бұдан кейін альт пен фортепианоға арналған белгілі ресейлік композитор Андрей Рубцовтың «Адажио» және «Скерцо» атты екі пьесасы алматылық тыңдармандарға жаңа есімдерді таныстырды. Орындаушылар – Зарина Сүгірова мен профессор Я.И. Фудиманның альтшы сыныбының талай жылғы концертмейстері Елена Шалкова – дыбыстық тепе-теңдікті ұстап, жеке эпизодтарда өзінің даралығын көрсетіп, асқан шеберлікпен музыка бояуының бүкіл палитрасын бере алды. Залда отырған композитордың өзі де көрсетілген өнерге лайықты бағасын берді.
Аружан Әбілсейіт пен Шыңғыс Белгібаев болса жиналған жұртшылықтың назарына, ағылшын композиторы Фрэнк Бридждің көп орындала бермейтін, екі альтқа арналған «Ламент» шығармасын ұсынды. болған соң Бұл аспаптың іші-тысын, мүмкіндігін бес саусақтай білетін, өзі альтшы Бридж ең бір есте қаларлықтай лирикалық диалог жасап шыққан. Кей кездері екі музыкант төртеуге айналып кеткендей әсер туғызды. Венгерлік скрипкашы және композитор Йозеф Йоахимнің альт пен фортепианоға арналып жазылған циклы «Байрон өлеңдерінен туындайтын әсерлер бойынша жазылған еврейлік әуендері» де тыңдарманды терең ойға шомылтып, Қазақстанда тұңғыш рет әуеледі. Оны Нұрлан Сағымбаев пен Алмагүл Қонысбаева орындап шықты. Композитор альттың тембрінен шығатын қасірет пен қайғыны білдіретін драматикалық мүмкіндіктерді асқан шеберлікпен пайдаланған. Әлемнің жетекші альтшыларының репертуарына кіретін аталған циклді міне, қазақстандық өнер сыншылары да, былайша айтқанда, «тірідей» тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Содан соң сахнаға «Қазақстан камератасы» ұжымының концертмейстерлері Еркебұлан Сапарбаев пен Ольга Калько (көркемдік жетекшісі – ҚР Халық артисі Гаухар Мырзабекова) шықты. Олар скрипка мен альтқа арналып жазылған норвег композиторы Юхан Хальворсеннің «Гендель тақырыбына арналған вариациялары бар Сарабанда» шығармасын керемет орындап шықты.
Я.И. Фудиманның соңғы түлегі Айнұр Исенова мен оның серіктесі – пианист Ержанат Құрмет ХІХ ғасырдағы альттың неміс насихатшысы Германн Риттердің «Славяндық әсерлерден соң» циклынан алынған альт пен фортепианоға арналған «Интродукция мен мазурканы» орындады. Жас орындаушылар өз табиғаттарының романтикалық қырын танытты, олардың ойындары тыңдармандардың ду қол шапалағымен лайықты бағасын алды.
Концертті қорытындылау үшін сахнаға Яков Иосифовичтің тәрбиеленушілері Евгения Құрманаева мен Мария Захарова көтерілді. Олардың стилистикалық тұрғыдан теңдестірілген орындауында №1 Дуэт, В.А. Моцарттың скрипка мен альтқа арналған Соль мажоры шалқыды. Музыканттарға аталған шығармаға өзек болған жастыққа тән эмоционалдық көңіл-күйді сыйлаудың сәті түсті. Скрипканың байыппен сызылған үні мен альттың мәнерлі дыбысы біртұтас дүниеге айналып кетті.
Концерт талғампаз тыңдарманның зор қызығушылығын туғызды. Залда тек консерватория мен қала мектептерінің альтшылары ғана емес, сонымен қатар, басқа да кафедралардың педагогтары мен студенттері, түрлі оркестрлердің артистері, консерватория концерттерінің тұрақты тыңдармандары иін тіресіп тұрды. Альт бұл концертте тек солист ретінде ғана емес, сонымен бірге, құрамы жағынан әралуан ансамбльдердің қатысушысы ретінде де өнер көрсетті. Мұнда барлық кезең қамтылды, тыңдарманға бұған дейін Қазақстанда орындалмаған шығармалар да ұсынылды.
Бір сахнада Яков Иосифовичтің әр жылдардағы түлектері, магистранттары мен педагогтары өнер көрсетті әрі олар біртұтас денеге айналып кетті, олардың барлығы бір ғана құдіретке – Музыкаға қызмет етті. Болып өткен концерт Қазақстанның альт мектебінің табысты түрде дамып келе жатқанын көрсетті. Яков Иосифович Фудиман шын мәнінде де өзінің артына қалдырған мұрасымен мақтанар еді деген ой келді.

Қабылдау 2024