Menu HELPDESK

Амир Тебенихиннің Қазақ ұлттық консерваториясындағы мастер-класс

Амир Тебенихиннің Қазақ ұлттық консерваториясындағы мастер-класс

13 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты Амир Тебенихин мастер-класс өткізді. Оның жетістіктерінің қатарында Виана да Мотта атындағы Халықаралық пианистер байқауының Гран-при жүлдесі (Португалия) және көптеген беделді байқаулардың марапаттары бар.

Шеберлік сағаты барысында маэстро студенттермен жұмыс жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Құнды кеңестерін беріп, орындаушылық шеберліктің негізгі қырларын талдады. Өнер иесімен әңгімелесу және оның берген кәсіби кеңестері қатысушыларды шабыттандырып, олардың шығармашылық дамуына ықпал еткені сөзсіз.

Амир Тебенихинге бай тәжірибесі үшін алғысымызды білдіреміз!

  

  

 
Альбомдарға оралу