Menu HELPDESK

Андрей Лесовиченконың лекциясы өтті


25 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында профессор, мәдениеттану ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, «Музыкальное искусство Евразии. Традиции и современность» журналының жауапты редакторы (П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы) Андрей Лесовиченконың лекциясы өтті.

Лекция көшпелі халықтарда еуропа музыка мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері тақырыбына арналды. Лектор моңғол-бурят мәдениеті негізінде мысалдарды келтіре отырып, осы үдерісті талдайтын авторлық концепциясын   ұсынды.

 Лектордың тұжырымдамалары  қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды,  тақырыптың талқылау мен  терең талдауды қажет ететінін білдірді. Кездесудің ұйымдастырушысы – «Музыкатану және композиция» кафедрасы.

Андрей Лесовиченкоға мазмұнды лекциясы мен тартымды ғылыми диалог үшін алғысымыз шексіз!

 

 

 

 

Альбомдарға оралу