«АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» бағыты бойынша сайыс мәреге жетті
«Арт-менеджмент» мамандығы бойынша 4-5 сәуір аралығында өткен ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының қорытынды нәтижелері шықты.
Біздің халқымыздың өнері түрлі тарихи дәуірге, әртүрлі әлеуметтік топтарға бейімделіп, үнемі дамып келеді. Осыған байланысты менеджмент және маркетинг салаларын зерттеу қажеттілігі де күн сайын артып келеді. Қажеттілік пен сұраныс артуына орай аталған сала мамандарының қатарын көбейту мәселесі де күн тәртібінде алдыңғы орындардың қатарына өтті.
ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының «Арт-менеджмент» аталымы бойынша қазылар алқасы мынадай құраммен жұмыс жасады. Төрағасы: Шолпан Серіктесқызы Батырбаева – Satti Media өндірістік студиясының директоры, бас продюсер; Қазылар алқасының мүшелері: Гүлнәр Тазабекқызы Жұмасейітова – өнертану кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық хореография академиясының өнер және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының мүшесі; Евфрат Бағдатұлы Имамбек – п.ғ.к., социоантрополог, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ң профессоры, PMI (Project Management Institut, NY, DC, USA) Art-management on The Creative industries бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер, Қазақстандық өнер сыншылары гильдиясының төрағасы; Сағатбек Сламбекұлы Қалиев – «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, Мәдениет қайраткері, теледидар саласының үздігі, аға оқытушы; Хатшы: Бауыржан Дүйсенұлы Бекмұханбетов – оқытушы, өнертану магистрі.
Жалпы, 2022 жылғы ХІV республикалық пәндік студенттік олимпиадаға «6В02123 – Арт-менеджмент» мамандығы бойынша 4 ЖОО-нан 15 адам қатысты. Оның ішінде:
1) Қазақ ұлттық өнер университетінен – 1 студент;
2) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан – 6 студент;
3) Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан – 5 студент.
4) Қазақ ұлттық хореография академиясынан – 3 студент.
Олимпиаданың қорытындылары бойынша жоғары рейтингке ие болған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапаттауға ұсынылған студенттердің тізімі:
1. Орын (I дәрежелі Диплом):
· АЛУА ТӨЛЕУТАЕВА – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті.
2. Орын (II дәрежелі Диплом):
· АЛИ БАТХАН, АЙЖАН СОЛТАНБЕК, АЖАР ИКЛАСОВА – Қазақ ұлттық хореография академиясының 1-2 курс студенттері.
· ЕРҒАЗЫ ҚАЙЫҚБАЙ – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті.
3. Орын (III дәрежелі Диплом):
· ЖҰБАНЫШ НҰРЖАН – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1 курс студенті.
· АЖАР РАКИШЕВА – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1 курс студенті.
· ТОМИРИС ІЛИЯСОВА – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 1 курс студенті.
Мақтау қағаздарын алған студенттер тізімі:
Асылзат Алмас, Аружан Давлетжанова, Еділ Ерен, Раушан Кимран, Ажар Ильяс, Аржан Сағын, Сабина Байбөріқызы. Сонымен қатар Олимпиадаға дайындаған ұстаздарына, қазылық еткен жюри мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.
Қорғалған жобалар әртүрлі арт-менеджмент салаларын қамтыды. Студенттердің жауаптарында арт-индустрия саласындағы нарықтық қатынастар процесінде туындайтын мәселелерді, оның түрлі аспектілерін қарастырды, сондай-ақ қоғамда туындап жатқан түрлі аспектідегі мәселелер көрініс тапты.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мен оларды дайындаған жетекшілерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болсын дейміз.