Menu HELPDESK

«Арт-менеджмент – үшінші мыңжылдықтың ғылымы» тақырыбында семинар өтті


2022 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы ҚҰК конференц-залында «Арт-менеджмент – үшінші мыңжылдықтың ғылымы» (Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Арт-менеджмент» ББ стратегиясы туралы мәселеге орай) тақырыбында семинар өтті. Семинарға консерваторияның декандары, кафедра меңгерушілері және ОПҚ шақырылды.

Спикер ретінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, БАҚ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, өнертану ғылымының кандидаты, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі С.С. Қалиев шақырылды.

Өз баяндамасында спикер жаңа білім бағдарламасын таныстырды. Онда арт-менеджмент білім беру тұжырымдамасының басымдыққа ие бағыттары, сондай-ақ осы заманғы еңбек нарығының талаптарына сай келетін соны кәсіби біліктіліктері көрсетілген. Автордың өзінің ғылыми-зерттеушілік базасының БАҚ саласындағы көп жылғы өндірістік-практикалық тәжірибесімен ұштасқан ойларының негізінде жасалған баяндаманың сапалық мазмұны аудиторияның шынайы қызығушылығын туғызды.

Басқосуда Қазақстандағы арт-менеджмент, продюсерлік институттың қалыптасуы, арт-нарықтың осы заманғы экономиканың маңызды бөлшегі ретінде құрылу мәселелері де сөз болды.



Альбомдарға оралу