Menu HELPDESK

Қарттар күні мен Халықаралық музыка күніне орай қайырымдылық концерт өтті


2024 жылғы 1 қазан күні Алматы қаласындағы «Почетный возраст» пансионатында Қариялар күні мен Халықаралық музыка күніне орай қайырымдылық концерт өтті. 

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жүргізу аясында ұйымдастырылған іс-шараны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының “Аспаптық орындаушылық” факультеті Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Бұл күні ақсақал аталар мен ақ жаулықты аналар құрметке бөленіп, консерватория өнерпаздары - үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының студенттері — Мырзабаев Шыңғыс, Куценко Кирилл, Қайыркен Мерей, Абдухамид Мағжан, Қашаубай Имран, сондай-ақ оқытушы Абдрашев Ілияс өнер көрсеткен концертті тамашалады. Жастардың талабы мен талантына куә болған қарттар өнерпаздарға алғыс айтып, қошемет көрсетті.

 

Басқосудың мазмұнын әрлеген өнерпаздардың ән-шашуы қарт көңілдерді серпілтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, мәдени дәстүрлерді қолдайтыны және әлеуметтік маңызы бар бастамалар үшін шабыт көзі болып табылатыны сөзсіз.

 



Альбомдарға оралу