Menu HELPDESK

«АУЭР МҰРАСЫ» фестивалі жалғасуда



Алматыда «АУЭР МҰРАСЫ» форум-фестивалі жалғасуда. Мұхиттың ар жағынан келген кәсіпқой музыканттар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында үш күннен бері шеберлік-сыныптарын өткізді. Саша Гросчан – виолончельде, Алла Арановская – скрипкада, ал, Борис Вайнер альт аспабында орындаушылық шеберліктен дәрістер берді.

Бүгін, 21 қазан күні шеберлік сыныптары өз мәресіне жетті. Сонымен қатар, бүгін консерваторияның «Б» корпусындағы конференц-залда Ресейлік ағартушы-ғалым Денис Фон Мекк «Чайковский – әлем картасында», «Чайковский және Моцарт» деген тақырыптар бойынша дәрістер өткізді.

Ал, 24 қазан күні «Педагогика және оқыту мәселелерін талқылау» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізіліп, сол күні кешке өтетін симфониялық музыка концерті фестиваль шымылдығын жаппақ. Онда өнер көрсететін солистер: Саша Гросчан (АҚШ) – виолончельде, Алла Арановская (АҚШ) мен Құралай Ахметова (Қазақстан) – скрипкада, Алла Азизханова (Қазақстан) – фортепианода. Оларға сүйемелдеу жасайтын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік симфониялық оркестрі. Бас дирижер – Ерболат Ахмедияров. Дирижер – Борис Вайнер (АҚШ).


















Альбомдарға оралу