Menu HELPDESK

Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Шаңырак» әлеуметтік қызметтер орталығында қарт адамдарға жылулық пен қамқорлық нұрын шашып мереке сыйлады


Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Шаңырак» әлеуметтік қызметтер орталығында қарт адамдарға жылулық пен қамқорлық нұрын шашып мереке сыйлады.

Олар демеушілердің есебінен алынған азық-түлік себеттерін табыстап, мүмкіндігі шектеулі қарттарға арнап концерт берді. Жобаны ұйымдастыруға консерваторияның бірнеше жастар клубтары, атап айтқанда «Мейірім» волонтерлік клубы, жастар ісі жөніндегі комитет және студенттермен және түлектермен жұмыс жөніндегі бөлімі атсалысты.

Қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін мүгедектер күніне орай бас қосқан қайырымдылық концерті өте әсерлі және ерекше атмосферада өтті. Жобаға қатысу жастар үшін маңызды тәжірибе берді, себебі бұл күні бірлікті сезініп, әрбір орындаған музыкалық композициясымен қарттарды жылулық пен достық атмосферасына бөледі.

«Шанырак» орталығындағының тұрғындарын қолдап, оларға өнерімізді сыйлап, жан дүниелерін жылытқанымызға қуаныштымыз.
Альбомдарға оралу