Menu HELPDESK

Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Тоғыз құмалақ күнін атап өтті


Бүгін, 9 қыркүйек күні Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын қолдап, Тоғыз құмалақ күнін атап өтті.    
Олар әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік  ойын, логикалық ойлау өнерін дамытатын Тоғыз құмалақ ойынын ойнады. 
Спорт түрі ретінде қанатын қеңге жайып, танымал болып дамып келе жатқан ойынның ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мұрасы қатарына енгізілгені оның әлемдік мәдениет үшін үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. 
Іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімнің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.

   

   

   

   

   

   

   

    



 


Альбомдарға оралу