Menu HELPDESK

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы, профессор Бақытжан Тобаяқовпен шығармашылық кездесу өтті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алғаш рет белгіленіп, жыл сайын 23 сәуірде аталып өтетін жаңа мәдени мереке — Ұлттық кітап күніне арналған ерекше іс-шара өтті. Осы маңызды бастаманы қолдай отырып, Консерватория әдебиет пен музыканың өзара байланысын айқындайтын ашық диалог алаңын ұсынды.

29 мамыр күні конференц-залда ақын, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы, профессор Бақытжан Тобаяқовпен шығармашылық кездесу өтті.

Мұнда студенттер, оқытушылар, шығармашылық және академиялық орта өкілдерінің басы қосылды. Шабытты атмосферада өткен кеште автордың өлеңдері оқылып, мазмұнды сұхбат құрылды. Студенттер мен магистранттардың орындауындағы музыкалық шығармалар кештің ажарын арттыра түсті.

Бақытжан Тобаяқовқа шынайы диалог, терең образдары және жастарымызға үлгі-өнеге көрсетіп отырған шабыты үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл кездесу өнер мен сөзді уақыт рухымен нығайтатын мағынасы терең ойлармен алмасуға, ақынның рухани мұрасына бойлауға мүмкіндік берді.

     
Альбомдарға оралу