Menu HELPDESK

Бүгін жаңа оқу жылында алғашқы ректорат отырысы болып өтті


Бүгін, 10 қыркүйек жаңа оқу жылында алғашқы ректорат отырысы болып өтті.
Жиынға оқу орнының ректоры, проректорлар, декандар мен консерватория бөлімдерінің басшылары қатысты.
Онда студенттердің жатақханаға орналасуы, тұру ақысы  мен министрлік тарапынан қойылған кәсіби бақылау талаптарына сәйкес болу сияқты көптеген мәселелер талқыланды . Үстіміздегі оқу жылында атқарылатын ауқымды міндеттер тұрғанын естен шығармауымыз керектігі айтылып өтті.
Ректор Гаухар Тасбергенова консерватория шығармашылық оқу орны бола келе әр студентке және оқытушыға ерекше назар аударатынын тілге тиек етіп, орнатылған нормаларды қатаң сақтау қажеттігін де атап өтті. «Заң бар, оған барлығымыз сай болуымыз керек», — деп ректор сөзін қортындылады.




Альбомдарға оралу